Saturday, 23 November,2024

"Сотқа дейін өліп кетуі мүмкін". Қапастағы Кәрім Мәсімовтің жағдайы ауыр

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің денсаулығы соңғы уақытта қатты сыр берген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды. Дерекке сүйенсек, Мәсімов сотқа дейін өліп кетуі мүмкін.

"Кәрім Мәсімовтің Джонс Хопкинс университетіндегі дәрігері Эрнест Браун медициналық анықтамасын ұсынды. Онда Мәсімовтің денсаулығы өте нашар екені көрсетілген. Тіпті ерте өліп кету қаупі бар. Ұсталғаннан кейін дұрыс медициналық күтімнің болмауына байланысты прогрессивті екі жақты көз катарактасы мен ауыр созылмалы коронарлық артерия ауруы асқынып барады. Тіпті оны қапаста ұстау өлім жағдайына алып келуі мүмкін", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, дәрігер Кәрім Мәсімовке дер кезінде медициналық жағдай жасалмаса, жағдай одан әрі ушығатынын да жазған.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынды.

Ұсынылатын