Сотталғандардан пара алған түрме бастығы темір торға отырды
Uaqyt.info
Фото
Павлодардағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бастығы пара алғаны үшін үш жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Павлодар қалалық №2 сотының мәліметінше, түрме бастығы өз кінәсін толық мойындаған. Сот оның кәмелетке толмаған 4 баласының барын ескеріп, оған 3,5 жыл жаза кесті. Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.