Monday, 25 November,2024

Совмин ресми түрде Ұлттық госпитальге айналды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚР Үкіметінің «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамын «ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп өзгерту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаулыда айтылғандай, қайта құрылған кәсіпорынның уәкілетті органы болып ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы айқындалды. Оның негізгі қызметі – денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету.

Қаулы қол  қойылған күннен бастап күшіне енді.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ын қайта құру кәсіпорынды одан әрі дамыту үшін заңнамалық тұрғыда қажет екенін атап өткен жөн. Бұдан Совмин пациенттері үшін ешқандай өзгеріс болмайды, аурухана сол ғимаратта, сол мекен-жайда қалады.Госпитальдің басты міндеті – пациенттеріміздің денсаулығын түзеуге сапалы қызмет көрсету. Құрылымдық өзгерістердің медициналық процестерге әсері болмайды, бұл тек ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Біз оның бәрін ҚР ПІБ Медициналық орталығымен бірлесіп, жедел реттеп жатырмыз.  Совмин қашанда отандық медицинаның көшбасшысы болған, кез келген заңды формада солай болып қала береді”, – деді кәсіпорын басшысы Асхат Бралов.                

Ұсынылатын