“Сөзге қалғым келмейді”. Гауһар Әлімбекова сахнадан не үшін кетті?
Белгілі әнші Гауһар Әлімбекова соңғы кездері сахнадан не үшін алыстап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы әнші «Жібек жолы» арнасына берген сұхбатында айтты. Онда Гауһар Әлімбекова басынан өткен қызықты сәттер мен өз тағыдыры туралы сыр шертеді. Әншінің айтуынша, сахнадан алыстап кетуіне ағасының қазасы сеп болыпты.
«Осыдан бірнеше жыл бұрын өнердегі, өмірдегі ағам Асылхан қайтыс болды. Содан қатты күйзеліске түстім. Сахнаға, өнерге еш қызығушылық болмады. Бар дүниеден баз кешіп кеттім», -деді Гауһар Әлімбекова.
Ол әкесінің арманын қазір ән арқылы орындап жүргенін айтады.
«Қызды ұзатып жатқанда, жүрегім кәдімгідей ауырады. Өзімнің әкем есіме түсіп кетеді. Әкем мені өзі қолынан ұзатам деп жүретін. Бірақ ол арманына жете алмай кетті. Содан менің қазіргі күні хитке айналған әнім келді өмірге. Ұзататын қыздарға үнемі «барған жеріңе тастай батып, судай сің» деп жиі айтамын. Өйткені ертең «Гауһар ұзатқан қыз қайтып келді» деген маған да жаман. Шүкір мен ұзатқан қыздардың барлығы бақытты » , - деді әнші.