Thursday, 19 September,2024

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қызметінен кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл қызметке ол 2014 жылдың 11 қарашасында тағайындалған болатын.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - 1954 жылы 15 маусымда дүниеге келді. 1976 жылы Павлодар индустриалдық институтын аяқтады (қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті).

Экономикалық ғылымдар докторы, академик.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін - Павлодар облысының әкімі;

2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

2010 жылғы желтоқсанда экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарды.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).

Ұсынылатын