Friday, 22 November,2024

ШҚО-да аю атқан браконьер бірнеше жылға сотталуы мүмкін

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында аюды атқан броконьер ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция мәліметінше, 37 жастағы аңшы Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан. Онң үстінен ҚК 337-бабы 1-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ол  3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі. Кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды”, – делінген полиция хабарламасында.

Ұсынылатын