ШҚО-да әпкесін балталап өлтірген тұрғын 12 жылға сотталды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Шығыс Қазақстан облысында әпкесін балтамен ұрып өлтірген тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Шешім 10 алқаби мен 1 судьяның дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Halyq Uni сайтының жазуынша оқиға мамыр айында болған. Сотталушы өзінің үйінде болғанда, әпкесіне деген бас араздығы бола тұрып, қолдан жасалған қысқа сапты балтамен қасақана түрде әпкесінің ішінен соққы жасап, салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапқан.
15 қыркүйекте құпия дауыс беру нәтижесі бойынша, алқабилердің бірауызды кесімімен ер адам ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.