СҚО-да әскерден қашқан екі жігітке іздеу жарияланды
Петропавлда әскерге шақырылған екі жігіт пойыздан секіріп, қашып кеткен. Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Қарағанды облысының 85510 әскери бөліміне қызмет өткеру үшін жаңадан шақырылған 2003 және 2004 жылы туған мерзімді әскери қызметшілер Петропавл қаласының станциясында "Самара-Қарағанды" пойызына отырып, сағат 19:39-да вагоннан рұқсатсыз, белгісіз уақытта шығып кетті”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 442-баптың 2-тармағы бойынша олар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 2024 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Қатардағы жауынгер Құсайынов пен Коваленкоға іздеу жарияланды”, – деп мәлімдеді ведомство.