СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Uaqyt.info
Фото
СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр. Тергеу сотының санкциясы бойынша "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.