Friday, 18 October,2024

СҚО-да ауыл әкімдігінің ғимараты өртеніп кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданына қарасты Воскресеновка ауылдық округінің ғимараты толық жанып кетті. Өрт пештегі ақаудан шыққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін түнде болған. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау пештен шыққан. Ал ғимарат толық ағаштан салынғандықтан, бірден лап етіп күлі көкке ұшқан. Мамандардың айтуынша, әкімдік қызметкерлері компьютерлер мен құжаттарды сыртқа алып шығып үлгеріпті. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртке байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Ұсынылатын