Wednesday, 27 November,2024

СҚО-да ауыл маңындағы шұңқырдан 14 жасар қыздың денесі табылды

Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылы маңындағы шұңқырдан 8 сынып оқушысының денесі табылды. Жасөспірім қыз 1 күн бұрын таңертең үйден шығып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ішкі істер министрлігі дерегіне сүйенсек, 19 мамыр Жамбыл ауданының полиция бөлімшесіне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жасар жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны және оның қай жерде белгісіз екендігі туралы телефон арқылы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлерімен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, педагогтардан және жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.

"20 мамыр күні таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан су шұңқырдан табылды", - делінген ақпаратта.

Аталған факт ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады.

Ұсынылатын