Saturday, 23 November,2024

ШҚО-да Ленин ескерткішін жөндеу үшін бюджеттен 1,5 миллион теңге бөлінген

Алмас Абылай
Фото yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы Ленин ескерткішін жөндеуге 1,5 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы yk-news.kz сайты жазды. Дерекке сүйенсек, Алтай өңірлік мәслихатының сессиясында 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескерткішті жөндеу мәселесі көтерілген. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының айтуынша, оған 1 млн 449 мың теңге қарастырылған. Жөндеу биыл жүзеге асырылады деп жоспарланғанымен, мердігерлерді іздеу бойынша тендер әлі өткізілмеген.

"Ескерткіштің өзі емес, тұғыры жөнделеді. Ара-тұра жауын-шашын әсерінен бетон негізі құлай бастады. Ылғал, аяз және ауа-райының күрт өзгеруі гранитті плиталарды қозғап, тігістері ашылған. Жөндеу кезінде плиталар бөлшектеліп, негізді жаңа бетонмен құйып орнатамыз", – дейді "Шығыс Строй Проект" ЖШС техникалық жетекшісі Сергей Оградов.

Ескерткіштің ерекшелігі - монументалдық мүсін ретінде жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген екен.

Ұсынылатын