ШҚО-да өгей қызын ұзақ жылдар бойы зорлаған әкеге сот үкім шығарды
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Шығыс Қазақстан облысында кішкентай қызды ұзақ уақыт бойы зорлаған өгей әке бас бостандығынан айырылды. Сот оны 17 жылға соттады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы адвокат Айман Омарова жазды. Сөзіне сүйенсек, жасөспірім қыздың құқын қорғау үшін қорғаушылар 1 жыл бойы күрескен. Ақырында тиісті жазасын алды, дейді.
facebook.com/aiman.umarova
"Қыз бен анасы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияға жүгінді. Бір жылдан астам уақыт бойы мен және адвокат Чалабаева Бақытжан өгей әкесі Заданов Шалқардың ұзақ уақыт бойы қорлаған жас баланың құқығы үшін күрестік. Осы уақыт аралығында біз Ш. Задановтың жақтастарынан қанша негатив, өтірік, қорлау естідік. Бірақ соған қарамастан Шығыс Қазақстан облысының судьясы Н. Жақсыбекова Шалқарды 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - деп жазады адвокат.