Friday, 20 September,2024

ШҚО-да оқушы мен студент жұмбақ жағдайда көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында оқушы белгісіз жағдайда көз жұмды. Ал Алтай қаласында колледж студенті өз-өзіне қол салған болуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы YK-news.kz сайты жазды. Екі бірдей өлімге қатысты облыстық білім басқармасы пікір білдірді. Ондағылардың айтуынша, кәмелетке толмаған екі жеткіншектің өліміне байланысты тергеу амалдары басталған. Әзірге олардың неден көз жұмғаны белгісіз.

“Бұл оқу кезінде емес, демалыс күндері болған оқиға. Бұл суицид пе, әлде жоқ па - полиция анықтайды", - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.

Ұсынылатын