Friday, 18 October,2024

СҚО-да осыдан 4 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Солтүстік Қазақстан облысында осыдан 4 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды. Оны орманға жидек теруге шыққан тұрғындар байқап қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында Налобино ауылының маңындағы орманда жидек жинап жүрген жергілікті тұрғындар адам қаңқасына тауып алған. Бірден сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде орманда табылған адам сүйектері Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғыны болып шықты.

Ер адам 2019 жылғы 31 тамызда белгісіз бағытта шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейіннен оны полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеді. Бірақ еш нәтиже шықпады.

Енді полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұсынылатын