Saturday, 18 May,2024

ШҚО-да полицейлерді ұрған ер адам сотталды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында екі полицейді соққыға жыққан ер адам үш жылға қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ШҚО сотының баспасөз қызметі хабарлады. Онда екі полицейге күш қолданған ер адамның үш жылға бас бостандығынан айырылғаны айтылған.

“Сот шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы (билік өкіліне қарсы өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) және 378-бабы 1-бөлігімен (билiк өкiлiн қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау) кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын