Friday, 17 May,2024

ШҚО-да полиция департаменті бастығының орынбасары өмірден озды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы хабар туралы еліміздің ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

“Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты”, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Ұсынылатын