ШҚО-да тауға шығу кезінде бойжеткен аттан құлап, талып қалды
Алмас Абылай
Фото ҚР ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысындағы Белуха тауына шығу кезінде бойжеткен аттан құлап, талып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға орнына құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барған. 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз болған.
Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізді.