Sunday, 8 December,2024

ШҚО-да төбелес: Бір топ жігіт дәмхана алдында тұрғыды сабап кетті

Алмас Абылай
Фото POLICE_KZ

Шығыс Қазақстан облысындағы дәмханалардың бірінің алдында бір топ жігіт тұрғынды соққыға жықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы полиция хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған.

Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адамдардың дене жарақатын салғанын айтып, арызданған. Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтады, біраз уақыттан кейін ұсталды, - делінген ақпаратта.

Олар өз кінәсін мойындады. Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ұсынылатын