ШҚО-да түрме қызметкерлері дұрыс қырынбаған сотталушыларды азаптаған
Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде жедел уәкіл болып жұмыс істеген полиция қызметкері сотталушыларды азаптауға нұсқау берген. Прокуратура нақты бейнекамералар арқылы дәлелдер тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Биыл ақпан айында Бас Прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі болып табылатын полиция қызметкері М.-ға қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды. Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған.
Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрыңғы полиция басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы нақты дәлелдер тапты.
"Атап айтқанда, полиция қызметкері М. өзіне тәуелді жағдайлардағыларға басқа сотталғандарға азаптауды қолдануға нұсқау бергені анықталды. Сотталғандарды жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын бұзушылықтар үшін жазалаған. Мысалы, сотталған адам жеткілікті қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып кетсе. Бүкіл азаптау процесі бейнекамераға жазылды", - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды.
Мұндай фактілерді анықтау жұмыстары жалғасуда.