Thursday, 19 September,2024

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Күршім ауданының аумағында болған. КамАЗ жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам мерт болды. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Күршім – Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында Nissan Teana маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды”, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұсынылатын