Thursday, 19 September,2024

ШҚО-да жоғалған 52 жастағы әйелдің мәйіті өзен жағасынан табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында із-түссіз кеткен әйелдің денесі Үбе өзенінің жағасынан табылды. Әзірге оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм әйел 10 тамызда үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі қайта оралмаған. Куәгерлер полицияға оның Үбе өзеніне бара жатқанын көргендерін айтқан. 52 жастағы әйелді біреу өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол салды ма, оны полиция анықтайтын болады.

 «Сол күні әйел адамның мәйіті Үбе өзенінің жағасынан табылды. Алайда оның нақты неден көз жұмғанын әлі белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) жария етілмейді», - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын