ШҚО полицейлері ұрлықпен айналысқан қылмыстық топтың іс-әрекетін тоқтатты
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 жылдан астам уақыт облыс кәсіпорындарының бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әркетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz жазуынша, шығын 500 миллион теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізді, оның барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Негізгі күдіктілер, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды.