Saturday, 23 November,2024

“ШҚО Ресей құрамына кіреді”. Аузынан "апат" болған ШҚО тұрғыны 5 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны сепаратизм үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде сепаратизмді насихаттаған 43 жастағы әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол “ШҚО ерте ме, кеш пе Ресей құрамына кіреді” деп мәлімдеген болатын.

«ШҚО-да туып, осы жерде тұрып жатқанына қарамастан сепаратистік танытқан 43 жастағы айыпталушы сот барысында өз кінәсін толықтай мойындады. Солай жазғанына өкінетіндігін айтып, кешірім сұрады», - делінген хабарламада.

Ұсынылатын