Saturday, 18 May,2024

Стамбулда түнгі клубта шыққан өрттен 30-ға жуық адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото

Стамбулдағы түнгі клубтардың бірінде болған өрттен 30-ға жуық адам қаза тапты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, клубта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Көз жұмғандардың барлығы жұмысшылар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Стамбул губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, түнгі клуб 16 қабатты ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Өрт жертөледен шығып, кейіннен түнгі клубты шарпыған.

Сол уақытта онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыпты. Кейінгі мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандардың бәрі жұмысшы болған.

Қазір осы дерек бойынша, алты адам ұсталды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын