Saturday, 23 November,2024

Степногорск қаласы жылусыз қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жылу трассасындағы апаттың кесірінен Степногорск қаласы жылусыз қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

7 желтоқсанда Ақмола облысының Степногорск қаласындағы жылу магистралінде болған апаттың салдарынан көпқабатты үйлер жылусыз қалды. Апат болған жерге облыс әкімі Марат Ахметжанов барды. Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, апатты жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, жақын уақытта жылу беру қалпына келтіріледі. Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Ұсынылатын