Степногорск тұрғыны итін 5-ші қабаттан лақтырып жіберді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Степногорск тұрғыны итті 5-ші қабаттан лақтырып жіберді. Алған жарақаттан жануар өліп қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
5-ші қабаттан лақтырылған иттің видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам итіне қастандық жасаған кезде, мас болған. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктінің үстінен ҚК 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр .