Friday, 22 November,2024

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал маңындағы тұрғындар көшірілді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Орал қаласының іргесіндегі Подстепное ауылында үйлерді еріген қар суы басып жатыр. Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға шақырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, еріген қар суы үйлерге дейін жетіп, адамдар қауіпсіз жерге көшірілген. Олар мектеп пен колледждегі эвакуациялық пункттерге орналастырылды.

“Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное кентінде ТЖД жедел тобы аула аумақтарынан еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізуде. Күндізгі уақытта су басқан тұрғын үйлерден адамдарды эвакуациялау жүргізілгені және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн”, - деді ТЖД.

Ұсынылатын