- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Су ішкен құдығына түкірген екіжүзділер”. Бақыт Шадаева оранған әріптестерін сынады
“Су ішкен құдығына түкірген екіжүзділер”. Бақыт Шадаева оранған әріптестерін сынады
Белгілі әнші Бақыт Шадаева дінге бет бұрып, оранып кеткен әріптестерін сынады. Ол кезінде ән айтып, қазір сахнаны харам көретін әншілерді екіжүзді деп айыптады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы әнші Nege.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
«Су ішкен құдығыңа түкірме» деген бар. Егер сахнаны харамға баласа, өздері сол харамнан шыққан жоқ па?! Талантты Құдайдың өзі берсе, ол қалай харам болады? Нағыз харам – ол екіжүзділікте. Үлкен еңбекпен жеңіске қол жеткізген адам әр жетістігінің қадірін біледі. Қазіргі жастардың еш нәрсенің қадірін білмей, таңдауынан танып шығатыны – барлығына оңай қол жеткізгенінде. Дипломды сатып алған адамның мамандығына адал болуы екталай. Ал нағыз әртіс өнерге ынты-шынтысымен ұзақ жылдық дайындықпен келеді. Ондай жандар сахнадан сүйресең де кетпейді. Шынымды айтсам, өз басым хиджап киген қыздардан көңілім қалған. Адал болар деп, оранғандан талай үй тазалаушы алып, тақырға отырып қалдым», — деді әнші.