Saturday, 23 November,2024

Су тасқыны: СҚО-да жеті елді мекен жарықсыз қалды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта екі ауданның 253 тұрғыны және 19 заңды тұлға электр қуатынсыз отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info KAZINFORM – сілтеме жасап.

«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ бас инженері Александр Елисеевтің айтуынша, Шал ақын ауданында «Марьевка – Жаңажол» жоғары вольтты электр тарату желісінде 100-ге жуық баған су астында қалды. Тағы 11-ін қатты ағыс пен мұз құлатты. Салдарынан 3 ауыл электр қуатынан шектелді. Қазіргі уақытта Жаңа жол елді мекенінде жағдай дұрысталды. Ауылға жылжымалы дизель генераторлар қойылды.

«Жаңаталап пен Кеңес ауылдарында да жұмыс жүргізіліп жатыр, жақын арада бұл екі ауылға да жарық беріледі.

Есіл ауданында электр бағандарының су астында қалуына байланысты екі ауыл жарықсыз отыр. Қазір мұнда авариялық-қалпына келтіру бригадалары – 3 техникамен 11 маман жұмыс істеп жатыр. Сағат 16.00-ге дейін бұл ауылдарға электр қуаты беріледі.

Николаевка елді мекенінде Береговая көшесін су басты, тұрғындар эвакуацияланды, қауіпсіздік мақсатында трансформаторлық подстанцияны сөндіруге тура келді», - дейді Александр Елисеев.

Бас инженердің айтуынша, Есіл ауданы Жарқайың ауылына да су жақындап, тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылғандықтан, елді мекен қауіпсіздік мақсатында электр қуатынан ажыратылды.

«Кеше 2 ауданның 7 елді мекені жарықсыз қалған болатын. Қазір олардың саны біреуге қысқарды.

Мамандар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр, жолдарды су шайған, жету қиын.

Сағат сайын су басқан, су басу қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Біз бүгін 24/7 режимінде жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Александр Елисеев.

 

Ұсынылатын