Saturday, 23 November,2024

Су тасқынынан 8 мың бас мал қырылды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Олжас Тілебалдиннің айтуынша, соңғы деректер бойынша өлген мал саны – 8,1 мың, оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы 514 басты құраған.

“Бүгінгі таңда 4,1 мың бас өлген мал жойылды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасады. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді. Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды”, - деді Олжас Тілебалдин.

Ұсынылатын