Су тасқынынан үйлері қираған тұрғындарға қанша ақша беріледі
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Су тасқыны кезінде үйлері қирап қалған тұрғындарға жаңа басана алу үшін 22 млн теіге қарастырылған. Бұл турал үкіметте өткен брифинг кезінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Шарлапаевтың айтуынша, қазір ел бойынша әкімдіктер ақпарат жинап, зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр.
"Біз жергілікті бюджеттен, кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құны деп 22 млн теңге қарастырамыз. Бұл 80 шаршы метр болатын бір үйдің немесе екі бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Болашақта біз бюджеттен осы құнға сүйене отырып бөлеміз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ", – деді министр.