Су тасқынынан зардап шеккен Италия тұрғындарына Еурокомиссия көмек көрсетеді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Еурокомиссия су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созатын болды. Табиғи апаттан келген шығын көлемі есептеліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Euronews басылымының жазуынша, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Италия тұрғындарына көмек көрсетеді. Оның айтуынша, шығын көлемі анықталғаннан кейін комиссия апаттан зардап шеккендерге төлем төленіп бастайды. Айта кетейік, Италиядағы нөсер жауынның соңы алапат су тасқынына ұласып, көптеген аудан зардап шеккен болатын. Төтенше жағдай кезінде 14 адам көз жұмды.