Friday, 22 November,2024

Су жаңа мәжілісмен Асхат Аймағамбетов депутаттарға берілетін баспанадан бас тартатынын айтты

Алмас Абылай
Фото instagram.com/qulaqty_myrza_sayat

Экс-министр, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мемлекеттен берілетін үйден бас тартатынын айтты деп хабарлайды Uaqyt.info.

Асхат Аймағамбетовтің депутаттық үйге байланысты айтқан ойы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбаны журналист Саят Ермек жариялады. Онда тілшілердің мәжілісменге мемлекеттің берген баспанасына көшесіз бе деген сауал қойған. Ол былай деп жауап берді.

"Бүгін көшемін деп жоспарлап отырған жоқпын. Негізі бұл қалада өзімнің пәтерім бар. Сол жерде тұра беремін деген жоспарым бар. Десе де ол үй ұзақтау. Алдағы уақытта көреміз", - деді ол.

Айта кетейік, Уақыт.кз бұған дейін жаңа мәжіліс депутаты атанған Ардақ Назаровтың журналистер сұрағына қисық жауабы жұрт талқысына түскенін жазды.

Ұсынылатын