Sunday, 24 November,2024

Суға шомылуға барған бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті: оның бесеуі бала

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Түркістан облысы Отырар ауданы Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтенше жағдайлар департаменті дерегіне сүйенсек, суға шомылуға бір әулеттен 20 адам барған. Бірақ олардың 11-і батып кетті. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ауы – ересектер. Олар Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында тыйым салынған жерде шомылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары алдымен судан 6 мәйітті шығарды. Кейіннен сағат 21:00-де жағадан 30 метр қашықтықта бір адамның денесін тапты. 22:50 тағы бір адамның мәйіті жағадан 6 метр қашықтықтан табылды.

Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.

Осы уақыттағы жағдай бойынша, суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды. Олардың бесеуі балалар болса, қалған үшеуі - ересектер. Іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі – жасөспірімдер. Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жалғасып жатыр.

Суға батып кеткендердің барлығы – Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары.

Ұсынылатын