Friday, 18 October,2024

Суицид көбейген әскерде тағы бір келеңсіздік: Жамбылда сот ұйықтап қалған қызметкерге жаза кесті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жамбыл облыстық соты әскери қызметкерге жаза кесті. Себеп кезекшілік кезінде ұйықтап қалуы, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жуалы ауданында орналасқан әскери бөлімнің әскери қызметкері тәулік бойы кезекшілікте жүріп, белгісіз уақытта және белгісіз жерде ұйықтап қалған. Бұл әрекетімен ол бөлімше командирінің жазбаша бұйрығының талаптарын бұзған.

Осыған байланысты қызметкер ісі сотта қаралды.

"Сотта әскери қызметкер өз кінәсін толығымен мойындап, аталған факті бойынша түсініктеме берді. Сот қаулысымен әскери қызметкер ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылды", - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімімен кінәлі әскери қызметкерге 86 мың теңге айыппұл салынды.

Ұсынылатын