«Сүйегі шығып кетіпті». Сәкен Майғазиев жол апатына түсті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Танымал әнші Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Өткендегі жол апатынан кейін бір ай бойы шыдап жүре берген едім. Кеше шыдамай кеткен соң бір сынықшыға барсам, сүйегі шығып кетіпті. Шыбығы тайып, жүйке тамыры қысылып қалған шығар деп ойлап едім. Олай емес екен. Сынықшы сүйекті орнына салып жатқанда жаным көзіме көрінді. М9здай тер бұрқ етті. Сүйек орнына келгенше ауыр көтеруге болмайды”, - деп жазды Сәкен Майғазиев.