Friday, 22 November,2024

“Сүйіспеген еркегі қалмады”. Жұлдыз Әбдукәрімова көптің сынына қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың ер азаматтармен сүйісіп амандасқаны ғаламторда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астанада өткен "Ұлы дала әуені" атты салтанатты кештегі Жұлдыз Әбдукәрімованың әрекеті көпшілікке жақпай қалды. Онда актриса ер азаматтармен бет сүйісіп амандасып, әрқайсымен құшақтасады. Олардың арасында Тұңғышбай Жаманқұлов, Асхат Оралов, Сәкен Майғазиев және тағы да басқа ер азаматтар бар.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың әйелінің бұл әрекетіне түрлі пікір жазған.

“Соншама жабысып не көрінді”, “сүйіспеген еркегі қалмады-ау”, “Жәй ғана сыпайы иілсе де болар еді ғой, бетке жүгіргені несі?!”, “Беті сасып кеткен шығар”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын