Сүлеймен Демирел университетіне бомба қойған кім?
Uaqyt.info
Фото
Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан Сүлеймен Демирел атындағы университетке бомба қойылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Осыған байланысты ғимараттан барлық студент сыртқа шығарылған. ЖОО-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бомба қойылғандығы туралы ақпарат негізсіз, қазіргі уақытта алаңдауға еш негіз жоқ.
"Қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатқанын, барлық қауіпсіздік шаралары қабылданғанын атап өткіміз келеді. Бұл шара біздің қауымдастықтың бүкіл мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және келушілеріміздің қауіпсіздігі біз үшін бәрінен маңызды", - деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.