Friday, 22 November,2024

"Сұмдық, шіріп кеткен". Ауылдағы жедел жәрдем көлігі жұрт жағасын ұстатты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Ауыл халқына қызмет етеді делінген ескі, қирап қалған жедел жәрдем көлігі жұрт жағасын ұстатты. Тіпті халық билікті сынға алуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жедел жәрдем көлігі делінген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода ақ түсті жигулиді байқайсыз. Қирап қалған транспорттың іші де сау емес. Жол жағасында дөңгелегі қисайып тұрып қалған.

"Міне, Тамды ауылының жедел жәрдемі осы. Жататын адам болса не істейді? Біз дамыған 30 елдің қатарындамыз дейміз. Не енді мынау? 1800-ге жуық халық бар бұл ауылда. Жөні дұрыс көлік беруге болмай ма? Ұят қой", - дейді тұрғындар.

Желідегі жұрт бұл жағдайды қатты сынға алған. Тіпті "шіріп кеткен көлікті қалай айдап жүр" деп жағасын ұстап отыр. Пікірлер арасынан бұл жағдайдың Жамбыл облысына қарасты Тамды ауылында болғаны жазылыпты.

Ұсынылатын