Friday, 20 September,2024

Суреті жарияланды, аты-жөндері анықталды: Абай облысында орман өртінен қаза болғандар 14 адамға жетті

Алмас Абылай
Фото ҚР ТЖМ

Абай облысындағы алапат орман өртінен тағы 11 адам көз жұмды. Министрлік олардың аты-жөндері мен суретін жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған. Олардың аты-жөні анықталды:

  • Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы, 1989 жылы туған;
  • Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы, 1996 жылы туған;
  • Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы, 1964 жылы туған;
  • Губаев Алексей Григорьевич, 1993 жылы туған;
  • Фоминых Максим Владимирович, 1998 жылы туған,
  • Нұржігітов Саят Нұржанович, 1972 жылы туған;
  • Начиненов Константин Сергеевич, 1983 жылы туған;
  • Сидорин Виктор Александрович, 1960 жылы туған;
  • Сидорин Александр Викторович, 1984 жылы туған,
  • Пузырев Николай Иванович, 1968 жылы туған;
  • Пузырев Сергей Николаевич, 1992 жылы туған;
  • Гражданкин Петр Александрович, 1971 жылы туған;
  • Дәрібаев Александр Викторович, 1974 жылы туған;
  • Ганьшин Даниил Евгеньевич, 1981 жылы туған.

Ұсынылатын