Monday, 25 November,2024

"Суретке түсуге ғана шығамын..." Соңғы қоңырауға хиджаппен келген қызды мектепке қамап қойды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте соңғы қоңырауға хиджаппен келген қыздың бейнежазбасы тарады. Ол сыныптастарының қоштасу салтанатына шығармай қойғанына қапалы, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан мектеп бітіруші түлектің соңғы қоңырау салтанатына қатыса алмағанын айтқанын көресіз. Оны мектеп ішіне қалдырып кеткен.

"Сыныптыстары орамал таққаны үшін соңғы қоңырауға қатыстырмай қойды", - делінген бейнежазбаға.

Қыздың бұл әрекетіне желідегі жұрт түрлі пікір қалдырған. Басым бөлігі хиджаппен келген түлекті сынға алған. Тіпті бұл медресе емес, мектеп, оның ішкі тәртібі мен формасы бар екенін де жазып әлек.

Ұсынылатын