Saturday, 5 October,2024

Швецияда құран өртеген ер адамға сот жаза тағайындады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Швеция соты құран кітабын өртеуге байланысты ​"ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айыппен бірінші рет жаза кесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айыпталушы 27 жастағы ер адам. Сот оған шартты жаза берген. Дерекке сүйенсек, ол 2020 жылдың 11 қыркүйегінде әлеуметтік парақшасына Мұхаммед пайғамбарды қорлайтын жазуы бар шошқа етіне оралған Құран кітабын көрсетіп, кейін оны өртеп, мешіттің жанына қалдырғаны туралы бейнежазба жариялайды.

Айта кетейік, бұған дейін Швеция прокуратурасы сөз бостандығы мен ой еркіндігі туралы заңды алға тартып, мұндай наразылықтарды айыптамаған.

Ұсынылатын