Saturday, 23 November,2024

Свердлов пен Краснодар алда тұр: Ресейдің Украинада қаза болған 24 мың сарбазының есімі анықталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

ВВС және Медиазона агенттігі бірлесіп Ресейдің Украинада қаза болған 24 005 сарбазының есімін анықтаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дерекке сүйенсек, қаза болғандардың 2 293-і – мобилизацияланғандар. Сондай-ақ, соңғы екі аптада Украинада кемінде 1361 ресейлік әскери қызметкер қаза болыпты.

Кейінгі айларда қаза болғандардың едәуір бөлігі – түрмеден соғысқа алынған тұтқындар. Зерттеушілер Украинадағы соғыста кемінде 4315 тұтқын қаза болғанын растай алған.

Қаза болған әскери қызметкерлердің тегі бойынша Свердлов облысы мен Краснодар өлкесі алда тұр. Осы аймақтардан соғысқа көбірек адам қатысқан.

Дей тұрғанымен Украина ақпарат көздері Ресейдің Украинаға басып кірген кезеңінен бері 200 мыңнан аса сарбазы көз жұмғанын, көптеген техникасынан айырылғанын хабарлап жүр. Тіпті Вагнер жетекшісі Пригожиннің өзі былтыр ақпаннан бері 20 мың вагнерлік қаза болғанын, жартысы - түрмедегі тұтқындар екенін мәлімдеген еді.

Ресей тарапы Украинадағы соғыста қанша әскерінен айырылғанын айтар емес. Соңғы рет ведомство былтыр қыркүйекте 5937 әскери қызметкер қаза болғанын мәлімдеген.

Ұсынылатын