Friday, 18 October,2024

Шығыс Қазақстанда 191 ауыл әлі интернетке қосылмаған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ШҚО-да 200-ге жуық ауыл интернетсіз отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ШҚО Цифрландыру мен мұрағаттар басқармасының басшысы Серікхан Нұртазин мәлімдеді.

«Өңір бойынша 363 елді мекеннің 172-сі интернетпен қамтылған, ал 191-і әлі қосылмаған. Өскемендегі №19, 20, 21-ші шағын аудандар интернетпен қамтамасыз етілді, алдағы уақытта 25-ші шағын ауданды қамту жоспарланып отыр. Аталған шағын аудандағы телекоммуникация желілерін қосу бойынша операторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді Серікхан Нұртазин.

Ұсынылатын