Saturday, 23 November,2024

Шығыстан мал ұрлап, оны Алматыға тасыған ұры ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарынан 30-дан астам малды қолды қылып, оны Алматы облысына өткізген барымташы қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрланған малдар Алматы облысындағы базарлардың бірінен табылған. Белгілі болғандай, әккі ұры бұған дейін де талай шаруаны қан қақсатқан екен. Күдікітінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.

“Белгілі болғандай, ол 2023 жылы жергілікті шаруа қожалықтарына үш рет ұрлыққа түскен. Сөйтіп, 33 бас малды ұрлап кетті. Содан соң малды Алматы облысына өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары аталған өңірдегі базарлардың бірінен малды тауып, жәбірленушілерге қайтарды. Материалдық залал толығымен өтелді, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын