Sunday, 8 December,2024

Шымкент әкімінің орынбасары қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты хабарлады. Онда 20 шілдеде ҰҚК Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстағаны айтылған. Ол 200 мың доллар көлемінде пара алды деп күдікке ілінген.

“Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Исахов Мақсұт Пернебайұлына қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 20 шілдеден 20 қыркүйекке дейін кепіл мөлшерін айқындамай, бостандығын шектеуге санкция берді”, - делінген мәліметте.

Ұсынылатын