Шымкент әкімінің орынбасары ұсталды
Алмас Абылай

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды. Ол сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Деректі Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. Ондағы дерекке сүйенсек, әкім орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.