Шымкент қаласының полиция департаментіне жаңа бастық келді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жаңа басшыны мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.
Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды.
Соңғы лауазымы - Ақмола облысы ПД бастығы.
Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады.