Saturday, 23 November,2024

Шымкентте 15 жасар бала ыс тиіп, көз жұмды

Алмас Абылай
Фото pixabay

Шымкентте бір үйдің екі баласы ыстан уланып, оның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Otyrar.kz сайтының жазуынша, қайғылы жағдай 26 наурызда болған. Ыстан 15 жастағы жеткіншек пен оның 12 жастағы інісі уланып қалды. 12 жастағы бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп аман қалғанымен, оның ағасының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол оқиға орнында көз жұмған. ҚазТрансГазАймақ кәсіпорнының Шымкент өндірістік филиалы таратқан мәліметке сүйенсек, үй иелері газ құрылғыларына қызмет көрсететін мекемемен келісім жасамаған екен.

«Су жылытатын құрылғының түтін шығатын құбыры қабырға арқылы сыртқа шығарылған және оның жан-жағы полиэтилен пакетпен бекітілген. Су жылытатын құрылғының мұржасы түтінді сыртқа тартпайды. Үй ішіндегі газ құрылғыларына қызмет көрсететін мекемемен келісім жасалмаған»,-делінген хабарламада.

Ұсынылатын